САБАҚ ҮРДІСІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
Танисбаева Айдана Кусаиновна
№82 «ДАРЫН»
мамандандырылған лицей психологы
Ермаханова Лаура Аманкелдиевна
Алматы қаласы профессор Рузиддиновтың медициналық колледжі
психологич пәнінің мұғалімі.lermahanova@bk.ru
Алматы қаласы профессор Рузиддиновтың медициналық колледжі
психологич пәнінің мұғалімі.lermahanova@bk.ru
Мақсаты: Мұғалімдерге сабақ үрдісін ұйымдастыруда психологиялық
қолдау көрсету
Жас шамасы: Педагогикалық ұжым
Жаттығу «Сағат тілі бойынша достарым». Алдарыңыздағы сағаттың суреті (сурет1)
салынған ақ парақты аламыз. Сағаттың әр санының тұсына он екі қатысушының
есімін көрсетіңіздер. Енді осы жазған он екі адамның алдындағы міндеттеріңізді
орындаңыздар, бірінші жазған адамыңызбен қолмен амандасыңыз, екінші жазған
адамның арқасынан қағыңыз, үшінші..., осылай жалғастыра бересіздер (барлық
қатысушы бір уақытта):
1.
Қолмен амандасу
2.
Арқасынан қағу
3.
Қол бұлғау
4.
Басынан сипау
5.
Күлімсіреу
6.
Күлдіру
7.
Арқаларын түйістіру
8.
Жағымды сөздер айту
9.
Тілек айту
10.
Құлағынан тарту
11.
Бір көзін қысу
12.
Құшақтау
Сурет 1.
Тапсырма. Сабақ барысында
қандай кедергілер болады? Оқушыларға қандай талаптар қойылады? Топпен
талқыланады.
- Кешікпеу;
- тыңдау
міндеті – бөлмеу;
- белсенділік
таныту;
- басынан
соңына дейін жұмыс істеу;
- жеке
көзқарастың болу құқығы және т.б.
Осы ережелерді
бірінші сабақта оқушылармен талқылап «Алтын ереже» деген атаумен бекіту арқылы
сыныпта оқу үрдісінде қажетті жағдай жасауға болады. Ережені сынып бөлмесінің
көрнекті жеріне іліп, оқушылар сабақ барысында ереже бұзған жағдайда, белгі
беру арқылы сабаққа кедергі келтіретін жайттардың алдын алуға болады.
Тапсырма «Графикалық тест». (Мұғалімдерге сабақ үрдісінде оқушының жекелей ерекшеліктері туралы
ақпарат алу үшін қолдануға болады)
Мақсаты: өзіңе деген сенімділікті және
психологиялық жай-күйін анықтау.
Нұсқау: 16 символды мұқият қараңыздар
(сурет2). Олар 4 топқа бөлінген. Әр топтан өзіңе ұнаған және сізді сипаттайтын
1 символды таңдаңыз.
Сурет2.
Тапсырма «Сіз практик, алде
логик сіз бе?».
(Мұғалімдерге сабақ үрдісінде
оқушының жекелей ерекшеліктері туралы ақпарат алу үшін қолдануға болады).
Нұсқау: сіздердің алдарыңызда тізбектелген сопақшалар (сурет 3).
Осы деталдарды негізге ала отырып, яғни бір фрагменттен тұтас сурет салып
шығуыңыз керек. Суретті немен
толықтырасыз, қандай сурет жасап шығарғыңыз келеді, ол сіздің қалауыңыз.

Жаттығу «Жеміс жинау».
Сіздердің әр
қайсыларыңызда түрлі-түсті бес жабыстырмалы қағаз бар. Осы бесеуіне бес жақсы
қасиет жазып, осы қасиеттерді сабақ барысында кімдерден байқадыңыз, сол адамның
арқасына білдірмей жабыстырып кетіңіз. (Соңында кім? қанша? қандай? қасиеттерге
ие болды талданады). Қатысушылардың сіздерге берген бағасы, бүгінгі еңбектеріңіздің нәтижесі деп
біліңіздер.
(Ескерту: жүргізуші қосымша өзі бірнеше
қасиеттерді жазып, қатысушылардың қайсысының арқасында қасиеттер аз
жабыстырылған соларға жабыстырады)
Сабақты талдау
(Ескерту: Әр сабақтың соңында әр оқушы шығу парағын
(пікір) толтырып отырады. Параққа оқушы өзінің сабаққа қатысу дәрежесін
(белсенділігі), сабақ барысында не ұнағаны, не ұнамағаны, не себепті екені
туралы жазады. Шығу парақтарындағы пікірлерге қарап мұғалім өз сабағына,
оқушылардың сабаққа қатысу дәрежесіне талдау жасап, оқушылардың қызығушылықтары
мен ұсыныстарына сәйкес сабақ жоспарына өзгерістер енгізіп отырады).
Пікір
Есіміңіз:
Сабақ күні:
Сабаққа қатысу деңгейіңіз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Сабақта сізге не ұнады?
Сабақта сізге не ұнамады?
Жүргізушіге ұсынысыңыз бен тілегіңіз
Панорамалық сабақ жоспары
Жас шамасы:
|
Педагогикалық ұжым
|
Мерзімі:
|
27.01.2016 жыл
|
|||||
Тақырыбы:
|
Сабақ үрдісінде психологиялық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі
|
|||||||
Негізгі түйінді идея:
|
Сабақ үрдісінде психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының
психологиялық денсаулығын сақтай отырып, материалды жеңіл және терең
меңгертуге болады.
|
|||||||
Мақсаты:
|
Мұғалімдерге сабақ үрдісін ұйымдастыруда психологиялық қолдау көрсету
|
|||||||
Табыс
критерийлері
|
||||||||
Барлық мұғалімдер
|
Көпшілік мұғалімдер
|
Жекелеген мұғалімдер
|
||||||
Психологиялық әдіс-тәсілдер туралы білімдерін жетілдіреді
|
Психологиялық ұсынылған диагностикалық материалды өз бетінше талдап,
қолданып үйренеді
|
Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау арқылы, алған білімдерін сабақта
қолданады
|
||||||
Уақ-ыты
|
Кезең-дері
|
Жұмыс түрі
|
Мақсаты
|
Ресурс
|
||||
2 минут
|
Ұйымдастыру
|
Жаттығу «Сағат тілі бойынша достар»
|
Жағымды психологиялық орта
құру
|
Қатысушыларға сағат салынған ақ парақтар таратылады. Сағаттың әр тіліне
қатысушылардың есімдерін жазуы шарт. Қатысушалар жазған он екі адамның
алдындағы өз міндеттерін орындайды:
1.
Қолмен
амандасу
2.
Арқасынан
қағу
3.
Қол
бұлғау
4.
Басынан
сипау
5.
Күлімсіреу
6.
Күлдіру
7.
Арқаларын
түйістіру
8.
Жағымды
сөздер айту
9.
Тілек
айту
10. Құлағынан тарту
11. Бір көзін қысу
12. Құшақтау
|
||||
3 минут
|
Ереже бекіту
|
Алтын ереже
|
Әр сабақта қолдануға болатын ережелерді бекіту
|
Сабақ барысында оқушылар тарапынан
қандай кедергілер болады? Топпен талқыланады.
- Кешікпеу;
- Тыңдау міндеті – бөлмеу;
- Белсенділік таныту;
- Басынан соңына дейін жұмыс істеу және т.б.
Осы ережелерді бірінші сабақта оқушылармен талқылап «Алтын ереже» деген
атаумен бекіту арқылы сыныпта оқу үрдісінде қажетті жағдай жасауға болады.
Ережені сынып бөлмесінің көрнекті жеріне іліп, оқушылар сабақ барысында ереже
бұзған жағдайда, белгі беруге болады.
|
||||
10 минут
|
Ақпарат беру
|
Баяндама
|
Тақырып бойынша ақпарат беру
|
Қатысушалырға сұрақ қою арқылы тақырыптың өзектілігін ашу.
? Сабақ беру үрдісінде қандай қиындықтар болады?
? Қиындық тудыратын оқушылар туралы не айта аласыз?
Баяндама (слайд). Қосымша А.
|
||||
8 минут
|
Практикалық
|
Дигностикалық материалдармен жұмыс
|
Мұғалімдерге сабақ үрдісінде оқушының жекелей ерекшеліктерін зерттеуге
қолдануға болатын диагностикалық материалдарды қолдануға дағдыландыру
|
Сабақ үрдісінде қолдануға болатын жылдам жүргізілетін диагностикалық
материалдар қолдану оқушы туралы, оның жекелей ерекшеліктері (қабылдау,
зейін, есте сақтау және т.б.) жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Сіз практик, алде логик сіз бе?», «Графикалық тест» проективті
әдістемелерінің жүргізілуі
|
||||
4 минут
|
Қорытынды
|
Жаттығу «Жеміс жинау»
|
Жағымды психологиялық ахуал орнату, өзі туралы ақпарат алады.
|
Әр қатысушыға түрлі-түсті 5 жабыстырмалы қағаз таратылады. Қатысушылар
бес қағазға бес қасиет жазып, осы қасиеттерді сабақ барысында кімдерден
байқады, сол адамның арқасына білдірмей жабыстырып кетеді. Соңында кім?
қанша? қандай? қасиеттерге ие болды талданады. Әр адамның жинаған қасиеттері,
оның бүгінгі жинаған еңбегінің нәтижесі.
|
||||
3 минут
|
Рефлек-сия
|
Пікір қалдыру
|
Сабақты талдау
|
Пікір
Есіміңіз:
Сабақ күні:
Сабаққа қатысу деңгейіңіз 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10
Сабақта сізге не ұнады?
Сабақта сізге не ұнамады?
Жүргізушіге ұсынысыңыз бен тілегіңіз
|
||||


Комментариев нет:
Отправить комментарий