Нұрмаханова Салтанат Бекнеязовна
№37 орта мектеп психологі
caltti@mail.ru
Өзгені –өзіңдей түсініп көр
Мақсаты: адамдармен үйлесімді татулық пен «басқаларға» толерантты қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
-өнімді қарым-қатынасты дамыту;
-әр түрлі адамдарды толықтай қабылдауды үйрету;
- ортаға деген толеранттылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу.
«Сәлемдесу»» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір – бірлерің мен тез – тез амандасасыңдар. Әр адам әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен,тіземін, өкшемен, арқамен.
Сабақ тақырыбына сұхбаттасу.
Әр адам әр түрлі, бірақ кейбір адамдар үшін қарым-қатынаста болу өте маңызды. Бұл оның мінез-құлқына, кәсіп ерекшелігіне, өмір салтына байланысты болады.
Түсінушілік – қиын жағдайдағы адамға қол ұшын беру, жаны ашу.
ӨЗАРА ТҮСІНУШІЛІК – адамдар арасындағы ортақ көзқарастары, ұстанымдар, қызығушылықтарын өзара ескеріліп отыруы.
Жақсы қарым-қатынаста болудың бірнеше ережесі бар:
* Дөрекіліксіз, жағымпаздықсыз теңділік сақтау.
* Әңгімелесушінің жеке ойын сыйлау.
* Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін талқылауға ынталанбауы.
* Бұйрық емес, өтініш ретінде әңгімелесу
* Мәмілеге келу жолдарын іздестіру.
* Өзгенің шешімін бағалай білу.
* Өзгенің тәжірибесін қабылдай білу.
«Нағыз дос» тапсырмасы:
Әр-бір адам жанында нағыз досының болғанын қалайды. Сен үшін нағыз дос деген кім? Нағыз дос қандай болуы керек?
Сөйлемдерді аяқта.
Нағыз дос дегеніміз – бұл ___________________
Нағыз дос әрдайым ___________________
Нағыз дос еш уақытта _________________________
Нағыз достың қасиеттерін жаз
Нағыз дос
_____________________ ___________________________

2- тапсырма.
Сыныпта сенің досың бар ма? Оның қандай қасиеттері бар? Керегін таңда немесе толықтырып жаз. Досыңа оның қасиеттері жайлы айтып бер. Ол сенімен келісеме? Ол сенен қандай қасиеттеріңді байқайды, сұрап көр. Жазып ал. Екеуіңнің қасиеттеріңде ұқсастық көп пе айырмашылық көп пе?
Менің досымның қасиеттері Менің қасиеттерім
___________________________ ____________________________

__________________________ ____________________________
3.Өзара көмек деген не? Керегін таңда немесе толықтырып жаз.
• Досым маған көмектессе мен де оған көмектесемін.
• Мен қиын сәттерде болғанымда досым менің жанымнан табылады.
• Досым қиын сәттерді басынан өткергенде мен оның жанында боламын.
_______________________________________________________________
______________________________________________________________
«Мен өзгені түсіне аламын» тапсырмасы
Өзіңе мінезімен, бойындағы қасиеттерімен ұқсайтын оқушы таңдап ал.
Оның атын жаз. __________________________________________________
Екеуіңнің ортақ қандай қасиеттерің бар.
Жазып ал. ______________________________________________________
«Менің сыныбым» сауалнамасы
Барлық ұжымда проблемалық жағдаяттар болып жатады. Түсінушілікпен бір мәмілеге келіп, оң шешімін тауып отыру керек. Сыныпта сондай келеңсіз жағдайдың бар-жоғын түсіну үшін мына сауалнаманы толтыр.
1. Сыныбыңда өзара түсінушілік бар ма? (ия, жоқ)
2. Сені не қуантады?
3. Қобалжытатын не?
4. Бірігіп қандай жұмыстар атқара аласыңдар ма?
5. Бір-біріңе деген сенімділік бар ма?
6. Қарам-қатынастарыңды жақсартуға ықпал жасайтын кім? (ұстаз, балалардың өздері)
7. Сыныптастардың арасындағы қарым-қатынаста нені өзгерткің келеді?
«Егіздер» ойыны:
Оқушыларды бір-бірін сезінуге, түсінуге, бір-біріне қол ұшын беруге үйрету.
"Көлеңке"
Қатысушылар жұптасады. Біреуі адам болады, келесісі –оның көлеңкесі. Адам кез келген қимыл жасайды. Көлеңке-қайталайды. Көлеңке адаммен қатар бірдей ырғақ жасау керек. Ол адамның ойын, көңіл-күйін, мақсатын алдынала біліп тұру керек.
Кері байланыс:
«Жандандыру» ойыны.
- Нағыз дос деген кім?
- Өзгені түсіне аламызба?
- Өзгені түсіну үшін не істеу керек?

Комментариев нет:
Отправить комментарий