Баулыбекова
Гульбану Танибергеновна
б/б «Дарын» №15
педагог-психологы
baulybekovagulbanu@mail.ru
«Алтын балық»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Психоэмоционалдық үдеуін
болдырмау; балалардың ішкі сезімі
мен көңіл – күйін жақсарту; балалардың
бір-бірімен байланысын
орнатуға үйрету
ә) Түзету: Зейінін, есте сақтау,
ойлау қабілеттерін дамыту
б) Тәрбиелігі: Баланы өзін-өзі
тәрбиелеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету.
Көрнекілігі: Балық суреттері,
А4, ватман, майшам, әуен, түрлі –түсті
бояулар,фальга, жіп,слайдБарысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Достар бірге
жүреміз
Бірге ойнаймыз,
күлеміз.
Бірге балық
аулаймыз,
Міне біздер
қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға
біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді
іргеміз,
Әрқашанда
біргеміз!
Балалар мен
сендерге жұмбақ жасырғым
келіп отыр.Біз жұмбақ шешеміз бе?
Жұмбақ
Сылқ – сылқ күледі
Аяғы жоқ жүр еді (су)
Аяғы жоқ жүр еді (су)
-суда не тіршілік етеді?
-Балықтың қандай түрлерін білесіңдер?
Балықтардың
негізінен 22000 түрлері бар. мысалға айтар болсақ,сазан, майшабақ, алабұға, шортан, табан т/б
түрлері бар.
Балықтар
жайлы толық білу
үшін, су асты әлеміне саяхат
жасаймызба? Олай болса, барлығымыз сүңгуір қайыққа
отырамыз.
Слайдқа назар
аударамыз.
Слайд көріп болған
соң, алтын балық келеді.
-Алтын балық: Балалар сәлеметсіңдерме?
Су асты әлеміне хош
келдіңдер!
Біраз су асты
туралы ақпарат алған боларсыңдар, мен сендерге
сыйлық ретінде мына қобдишаны
қалдырамын. Сонымен қатар
мына аквариумдағы алтын балықты сендерге сыйға тартамын. Ал,
мен одан ары жүзгелі
тұрмын. Қош болыңдар.......
Рахмет алтын
балық!!!
Балалар олай болса топқа
оралайық.
Кәне, алтын
балықтың берген қобдишасында
не бар екен?
1-
тапсырма
Сиқырлы қағаз. Алдын-ала
қағаз бетіне майшаммен салынған
балық бейнесі болады.Қағаз
бетін бояу арқылы
сол балық бейнесі
шығады.Осы тапсырманы балаларға
орындату.
Қобдишаның ішінде тағы
бір тапсырма бар сияқты
2-
тапсырма
Мына тапсырмада
өздеріңе маржан тастар
жасап алыңдар деген
сияқты ғой.
Ендеше, жасалу жолын
айтайын. Барлығымыз мына жіптің
арасындағы фальганы умаждау арқылы маржан тастар жасаймыз.
Балалар жасаған
маржандарын қонақтарға сыйға
тартады.
Балалар шаршаған
боларсыңда, бойымызды
сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Балық суда жүзді,жүзді.
Таза суда сүңгіді,
Бір көрінді,жоқ болды,
Әдемілеп шолпыды.
3-
тапсырма
Топтық жұмыс. Алдын-ала үлкен көлді
плакатқа салып, балалардың
жасаған балықтарын тілектер
арқылы, суға жібереді.
Қорытындылау
-Балалар сонымен
балықтар қайда тіршілік
етеді екен?
-Су түбінде нелер
жатады екен?
-Маржан тастардың
түсі қандай екен?
-Балықтың қандай
түрлері туралы біз
әңгімеледік және слайдтан
көрдік?
Балалар
сендер бүгінгі оқу іс
–әрекетіне өте жақсы
қатыстыңдар рахмет сендерге.
Комментариев нет:
Отправить комментарий