вторник, 3 мая 2016 г.

Муканов Арман. Әлеуметтік педагогтің «қауіп – қатер тобындағы» балалармен жұмысы

Муканов Арман  Нурмуллаулы
әлеуметтік педагогШЛ № 62
arman-nurmolla@mail.ru
Әлеуметтік  педагогтің
«қауіп – қатер тобындағы» балалармен жұмысы
.
Қазіргі таңда өте маңызды, сонымен қатар күрделі кәсіби қызметтердің бірі – әлеуметтік педагог қызметінің  балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмысы болып табылады.  Балалармен жұмыс түрін өзіндік категорияларға бөледі, бірақ әр түрлі атау береді: қиын, қиын тәрбиеленуші, педагогикалық қараусыз қалған, мәселелі, бейімделуші, девиантты мінез-құлықтағы балалар, қауіп-қатер тобындағы балалар.
Оларды тәрбиелеу қиындық тудырады, өйткені  ерекше тәрбиелік шараларды қолдануды қажет етеді. (көбінесе құқық қорғау органдарының қызметкерінің қатысуымен).
Көбінесе бұл балалардың мінезіндегі көріністері әлеуметтік және психо-педагогикалық дезадаптациялы, агрессивті мінез – құлық, оқытушылар және құрдастарымен келіспеушілік, алкогольдік заттарды және есірткі қолдану, құқық бұзушылық істер (төбелес, ұрлау, алаяқтық және т.б), сабаққа қатыспау, қанғыбастық, суицидтік әрекеттер және т.б.).
 Сондықтан мұндай балалар түзетуді немесе әлеуметтену үрдісін кеңінен қолдануды қажет етеді. Демек, басты мақсат оларды әлеуметке бейімдеу, тәртіптері әлеуметтік қағидалар шегінен шықпауын, қоршаған ортамен дұрыс қарым – қатынаста болуын қалыптастыру. 
Жоғарыда аталған балалардың ішіндегі кеңінен таралған атаулы категориясы «қауіп-қатер тобындағы балалар» болып табылады. «Қауіп-қатер» сөзі  негативті, қаламаған жағдайдың болмауы  немесе болу мүмкіндігінің жоғары екендігін көрсетеді. Сондықтан қауіп-қатер тобындағы балалар жайлы әңгіме қозғағанда, олардың қауіпті факторларға тап болуы мүмкіндігі жоғары деңгейде екенін аңғарамыз. Топшылай келе, екі аспектіге келіп тоқтаймыз.
Бірінші аспект – бұл қоғам үшін қауіпті, аталған категориядағы балалардың тәртібі қоршаған орта мен қоғамға тұтастай қатер тудыруы мүмкін, жалпы қабылданған әлеуметтік қағидалар мен ережелерге кереғар.           Екінші аспект – осы аталған деңгейдегі балалар, өздері қоғамда жиі төмендегі жағдайға ұшыраған: өмірімен қоштасу, денсаулығына түбегейлі зиян келу, толыққанды даму үшін жағдай болмау қаупі.
Балалар өзіне осындай әлеуметтік кескінді қалап алмайды немесе олар солай туылғаннан емес, қауіп-қатерге қатысты әртүрлі әрекеттердің түрткі болуынан тап болады.  Аталған факторлардың ішінен негізгі топтарды төмендегідей қарастыруға болады:
- Медико-биологиялық: (денсаулық жағдайы, тұқымқуалаушылық және туа біткен қасиеттер, психикалық және физикалық дамуындағы ауытқулар, ішкі дамуындағы жарақат).
- Әлеуметтік-экономикалық (отбасындағы материалдық мәселелер, отбасындағы психологиялық тұрғыдан теріс жағдайлар, ата-анасының азғындаған өмір салты, қоғамдық өмірге бейімсіз).
- Психологиялық (өзіне көңілі толмау, эмоцианальді тұрақсыз, қарым-қатынаста қиын, құрдастары, өзінен үлкендермен өзара қарым-қатынасы).
- Педагогикалық (жалпы білім беретін мекеменің оқу бағдарламасы мазмұнының және баланың психофизикалық ерекшеліктеріне оқыту жағдайының сәйкес келмеуі, оқуға деген қызығушылық жоқтығы, мектеп оқушысы бейнесіне сәйкес келмеу).
Төмендегі аталған факторлар әсерінен балалар қауіп-қатер тобына жатады:
  • Клинико-потологиялық дамуында проблемелары бар балалар;
  • Түрлі заңдық күші жоқ жағдайларға байланысты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Әлеуметтік жағдайы нашар, бейәлеуметтік отбасындағы балалар;
  • Әлеуметтік –экономикалық  және әлеуметтік-психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін отбасындағы балалар.
Қауіп-қатер тобындағы балалармен әлеуметтік –педагогикалық жұмыс бағыты екіге бөлініп қарастырылады. Олар:
1.     Балалар ортасынан осы категориядағы балаларды анықтау және олармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
2.     Балалармен жеке немесе топтық жұмыстар жүргізу.
Әлеуметтік-педагогикалық технология қауіп-қатер тобындағы балаларды анықтау, мәселелерін талқылау, жеке-топпен жұмыс бағдарламасын құру және оны жүзеге асыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
  1. Қауіп-қатер тобындағы балалар мен жасөспірімдердің мәліметтер банкін қалыптастыру. Бұл жұмыс жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты ескерту бөлімінің испекторы, ішкі істер органының бөлімше инспекторы, білім басқармасының қамқорлық органының өкілі, кәмелет жасқа толмаған балалар ісі бойынша комиссия және денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге жүзеге асады.
Мәліметтер банкін құру барысында келесі ұстанымдар анықталады:
Ø  тізімге қоюдың негіздемесі қандай;
Ø  жасөспірімдермен қандай құрылымдар жұмыс жүргізіледі;
Ø  проблеманы шешу үшін қандай жұмыстар атқарылды;
Ø  аталған проблеманы шешу үшін тағы да қандай шаралар жүргізуге болады.
  1. Әлеуметтік педагог қызметі аймағына түскен балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және тұлғалық дамуындағы проблемаларды талдау.
Жоғарыдағы аталған жұмысты әлеуметтік педагог бала, сынып жетекші және мұғалімдермен бірлесе атқарады. Ал ата-анасымен болып жатқан жағдайларды себебін анықтау мақсатымен жұмыстар жүргізеді.
Әлеуметтік педагог:
Баланың жеке ерекшеліктерін және қызығушылығы, қажеттілігін анықтап, зерттейді. Қиыншылығы мен проблемаларын, тәртібіндегі ауытқулар мен кикілжің тудырған жағдаяттарды, олардың пайда болу жолдарын, себебін анықтайды. Әлеуметтік педагог өз жұмысында психо-педагогикалық талдау, оның ішінде педагогикалық маңызды құралдарды пайдалану арқылы байқау жұмыстарын жүргізеді.
3. Қоғаммен, топпен, баламен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаны бекіту.
Құрастырылған бағдарлама келесі мәселелерге жауап беруге міндетті.
Әдістердің мақсаттылығы, әлеуметтік-педагогикалық қызмет құралдары мен түрлері, оның ішінде әртүрлі қызмет өкілдері мен ведомство, әкімшілік органдарын мақсатты түрде тарту;
Болжалдылық;
Күтілетін нәтиже өлшемі-білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес немесе әдістемелік кеңесіне талқылауға ұсынылады.
4. Бағдарламаны жүзеге асыруға жағдай жасау.
            Әлеуметтік педагог- оқушы мен білім беру мекемесі, орта, әлеуметтік қызмет мамандары арасындағы жауапты қызметкер болып саналады. Кәмелет жасқа толмаған балалар ісі бойынша комиссиясымен, білім басқармасы және мектеп әкімшілігімен бірлесіп қызмет көрсетеді. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысы жайлы комиссияға,  мектеп директорына, педагогикалық ұжымға ақпарат береді. Бағдарламаның орындалуы бойынша мектепшілік құрылым нәтижесі туралы Білім басқармасының бастығына есеп береді.
5. Кеңес беру.
Бұл мақсатта әлеуметтік педагог мектепте бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге және басқа да тұлғаларды өтініші бойынша қабылдайды.
6. Әлеуметтік педагогтың ведомостваралық байланысы
Әлеуметтік педагог – білім беру мекемесінің әлеуметтік-психологиялық қызметі құрамына кіреді, өз жұмысын мектеп психологы және арнайы мамандармен, сонымен қатар кәмелет жасқа толмаған балалар ісі бойынша комиссияның жауапты хатшысымен жоспарлайды, жүзеге асырады.
Әлеуметтік педагогтың функционалды бағыттағы қызметін жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған технология. Әлеуметтік қауіпті жағдайға ұшыраған балалармен жеке және топтық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның жеке және топпен жұмысы.
Біріншіден, баланың ерекшк мәселесін нақтылауға, сонымен бірге оның өсуі мен өзгеру жағдайын бірінші талдауда байқауға және маман мен баланың әлеуметтік-педагогикалық өзара қарым-қатынасының нәтижесін бақылауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, үнемі келесі және алдындағы кезең мазмұнды байланыста болады, кез-келген кезеңде орындалмаған міндеттерді тәжірибе барысында орындау немесе қайталау қажеттілігін ұсынады.
Үшіншіден, бала жағдайының тұрақтануы өздігінен қарастырылады. Бүгінгі күні осындай мәселелердің бірі-кәмелет жасқа толмаған балалардың алкоголь, есіркі қолдануы.
Бала денсаулығына өте зиянды, тәуелділік тудыратын заттарды қолданудың алдын –алуды (алкоголь, есірткі);
Жоғарыда аталған мәселеге тәуелділігі бар балалармен құпия түрде жеке көмек көрсетуді мектеп әлеуметтік педагогы қамтамасыз етеді. Сөз соңында, төмендегідей қорытынды шығаруға болады.
Әлеуметтік жұмыс – қоғамдық маңызды мақсаттар бойынша адамшылық қызметті жүзеге асыру жолын анықтау. Әлеуметтік жұмыс тұжырымы ғылыми білім мен тәжірибе негізінде жүзеге асатындығында.

Әлеуметтік жұмыс – адамдық мәдениеттіңэлементі болып табылады, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталады

Комментариев нет:

Отправить комментарий