вторник, 3 мая 2016 г.

Сатбаева Нурсұлу. Сенімділік күш береді


Сатбаева Нурсұлу Ақботақызы

Нұрорда мектеп-лицейі психологі


Сенімділік күш береді



Мақсаты: рефлексия мен коммуниктивты дағдыларды дамытуда оқушылардың мазасыздық деңгейлерін төмендету, топ мүшелерінің ауызбіршілігі мен ішкі топтық сенімділіктің жоғарылауы, достық қарым-қатынастағы атмосфера құру және оқушылардың мазасыздық деңгейлерінен арылтуға бірлесе жұмыс атқару.

Міндеттері:

Ø  Оқушылардың бір-бірін жақын тануына көмектесу;

Ø  Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру;

Ø  Шиеленістік жағдай туғызбас қарым-қатынас дағдыларын бекіту;

Ø  Мазасыздық деңгейін төмендетуде өзара әрекет жасау;

Ø  Топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

1-жаттығу «Есім» жаттығуы  Сәлеметсіздер ме, балалар. Бізді біріккен топтық жұмыс күтіп тұр. Сондықтан біз бір-бірімізбен танысып, есімдерімізді есте сақтап қалуға тырысуымыз қажет. Біздің 30 секунд уақытымыз бар. Жұмысты бастамас алдында сендерге топтық жұмыстың ортақ ережелерімен танысып алу керек.

Мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен танысуы, топ ережелері мен тренингке кірісе білу, топта жағымды достық қарым-қатынастық атмосфера туғызу, «Мен» бейнесін өзектендіру, рефлексия мен коммуникативты дағдыларын дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: ойын үшін доп, киндер-сюрприздың ойыншықтары салынған себет, қағаздар.

2-жаттығу «Паровоз»

Мақсаты: жағымды атмосфера туғызу, өзіне деген сенімділікті жоғарылату, қорқынышты төмендету, топтың ұйымшылдығы,ерікті бақылау, біреудің талаптарына бағынуға дағдылану.

Шарты: қатысушылар шеңбер бойына тұрып,бір-бірінің иығынан ұстап тұрады.Түрлі кедергілер вагондарын жойып,паравоз балаларды алып жүреді.Соңы жай, біріктіретін болуы шарт.

3-жаттығу «Соқыр биі»

Мақсаты: мазасыздық пен үрей танытатын оқушыларды анықтау және алдын алу. Шарты: оқушыларды жұпқа бөліп, белгілі бір әуенге көздерін жіппен байлау арқылы бірінші қатысушы билейді.Кейін жұбымен ауысады, келесі қатысушы көзін жұмады.Көзі жұмылған қатысушы жұбына деген сенімділігі  анықталады.Мазасыздығы мен үрей танытатын қатысушы көзін жұмудан бас тартуы мүмкін.Осындай жаттығу арқылы мазасыздық пен үрейді анықтауға және алдын-алуға болады.

Рефлексия:

-Қандай жаттығу сіздерге қызықты болды?

-Топтық жұмыстан сендер не  күтесіңдер?

-Бірінші жаттығу сендердің қандай сезімдеріңді тудырды?

4-жаттығу «Психологиялық тест» өзіне, өзінің күшіне деген сенімділік – ашық-жарқын, көңілді, өмірге қуанышты көзбен қарайтын адамдардың ерекшелегі. Сіздің өмірге сенімділік деңгейіңізді тексерейік. Берілген пікірлерді зер сала оқып, өзіңізге сәйкес нұсқаның әрпін белгілеңіз.

5-жаттығу «Сілкіп таста»  Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату.

Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің  жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “БТС-қа жақсы дайындала алмаймын”, “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген  сияқты ойлардан арылу.

6-жаттығу.Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы аяқталмаған сөйлемді қатысушылар шеңбер бойымен жалғастырады.

- Менің шыдамым таусылады…

- Мен мектепте ашуға бой алдырамын…

- Мен ашуланғанда…

- Тынышталуға маған көмектеседі…

7-жаттығу. «Ренжулі үрмелі шар» жаттығуы Мақсаты: рефлексия мен коммуникативты дағдыларды дамыту, топтың ұйымшылдық деңгейінің жоғарылауы мен мазасыздық деңгейін төмендету.

Қажетті құрал-жабдықтар: үрмелі түрлі-түсті  шарлар, жіп, қайшы

Қатысушылар үрмелі шарлардың бірін таңдап, оларды үрлейді.Үрлеумен қатар қатысушылар ішіндегі ашу-ызасы мен ренішін шығарады.Үрлеу барысында топты бөлуге болады.Үрленген шарларын қолдарына алып, жұп бойынша бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрады.Жұптағы бірінші қатысушы шабуылшы болады,ал екінші жұп шабуылшыға шабуыл жасай алмау мүмкіндігімен әрекеттерін қайталайды. Дабыл шыққаннан кейін қатысушылар рольдерімен ауысады.Шарлардың көлемі мен формасын шабуылда сәйкестендіру қызықты болады.Жеткіншектің бойы аласа болып, жұбының бойы ұзын болса,бірінші адамға ұзын шарды, ал екіншісіне-кішігірім шеңберді беруге болады.Содан кейін барлық қатысушылар отырып, тынышталып, бір –бір шардан үрлейді, бірақ оны байламайды.Олардың міндеті ауаның жарты бөлігін шығара отырып, өздерінің ашуы мен агрессияларын қауіпсіз шығаруға акцент жасау арқылы қоршаған орта адамдары мен өзіне зиян келтірмейтін әрекет жасайды.

Рефлексия:

-ашу мен ренішпен шарикті үрлеу барысында қандай сезімде болдыңыз?    

-қарсылас болу кезіндегі сезіміңіз?

-қарсыласыңыз сізді ұрған кезіндегі сезіміңіз?

-өздеріңіздің шариктарыңыздан негативті змоциямен қатар ауаны жіберу барысында сезімдеріңіз өзгерді ма?Неге?

-негативты сезімдерді:ашу, реніш пен ызаны басқару барысында  айнала қоршаған орта адамдары мен өзіңізге қандай ұсыныс айтар едіңіз?

8-жаттығу «Мен саған сенемін!» Шарты: Қатысушылар жұп құрып, бір – бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады,  мысалы: “ Мен саған сенемін... , өйткені  сен жақсы  адамсың ” (Осы кезде әуен ойнап тұру қажет)

Соңынан барлығы бірге:

         Мен ақылдымын;

         Менің жаным тыныш;

         Мен қиындықтан қорықпаймын;

         Мен жаспын, қандай әдемімін;

         Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді;

         Маған сенімділік күш береді;

         Мен дайынмын;

Қорытынды:  Өзіңді-өзің  бағалай біл! Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді.

Л. Вовенаргтың сөзімен аяқтау. Оқушылардан тренингке қатысқандары үшін алғыс білдіріп, қандай әсерде екендігін сұрап, қорытындылау. Келген қонақтарға келгендеріне, тыңдағандарына бізбен бірге болғандарына рахмет.

Комментариев нет:

Отправить комментарий