Бошай Ерлан
Қуантқанұлы
Экономика, технология
және
тағам өндірісін стандарттау
колледжі психологі
Кәсіпке
бейімделудің психологиялық
мәселелері
Сабақтың мақсаты:
Студенттердің кәсіпке бейімделуі мен кәсіби мәнді
құндылық бағдарларының
қалыптасуын анықтау және
ой өрісі туралы ұғым қалыптастыру.
Міндеттері:
1.
Ойлау ұғымын ашып,
оның басқа психикалық барыстарымен өзара
байланысын көрсету.
2.
Оқушылардын ойлау түрлерін анықтау.
3.
Студенттердің кәсіпке
бейімделу мен құндылықтық
бағдарлар
қалыптасуын психодиагностикалық тұрғыда зерттеу нәтижелерін қорытындылау.
4.
Кәсіпке
бейімделу мен құндылықтық бағдарлар қалыптасуын
айқындайтын психодиагностикалық жұмыстар жүргізу.
5.
Топтағы жұмыс
дағдысын қалыптастыру.
Сабақ жабдығы:
1.
Қағаз беттері,
қаламдар, сауалнама, жауап парағы.
2.
Ойлаудың өзгешілігі
мен орамдылығын жаттықтыруға арналған анаграммалар жазылған парақшалар.
3.
Секундомер.
4.
Интерактивті тақта,
слайдтар.
Сабаққа қатысқан
студенттер саны: он алты
Тобы: Т-41, курс
- IV
Сабақтың барысы:
Психолог: Сәлеметсіздерме құрметі қатысушылар,
бүгінгі сабаққа қош келдіңіздер.
Адам өз мамандығына
қаншалықты қанағаттануы мен өз
өміріне қаншалықты риза екендігінің
арасында тікелей байланыс
бар. Бір жағынан кәсіп таңдау және
оған психологиялық жағынан тез бейімделу-болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол-өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу.
Біз бүгінгі сабағымызда бірнеше ойын, жаттығулар т.б. әдіс-әсілдер
арқылы өз-өзімізді танып білуге ұмтыламыз.
Психологиялық дайындық.
1.«Шульте кестелері» әдістемесі
Мақсаты: Қатысушылардың зейіннің тұрақтылығын және жұмысқа
қабілеттілік динамикасын анықтауға
арналған. Шульте кестесі зейінді дамытуға қолданылады.
Орындау ережесі: Бұл әдістеме 1 ден 25 ке дейін сандар аралас орналасқан бес кестеден тұрады. Зерттелінушіге олар ретімен көрсетіліп, келесі
нұсқау беріледі: «Сізге бірінен соң
бірі бес кесте көрсетіледі.
Олардың әрқайсысында 1ден 25 ке дейін сандар араластырып жазылған.
Әр кестедегі сандарды тез-тез, ретімен
тауып көрсетіңіз. Бірінші кестені
орындап болған соң екіншісін ашып,
ондағы сандарды, дәл сол тәртіппен 1 ден
25 ке дейін ретімен табыңыз».
Шульте кестелерінің үлгісі
|
18
|
22
|
2
|
11
|
21
|
|
1
|
9
|
5
|
24
|
13
|
|
23
|
7
|
22
|
15
|
25
|
|
12
|
8
|
17
|
15
|
1
|
16
|
10
|
19
|
11
|
3
|
4
|
12
|
14
|
11
|
5
|
||
|
5
|
14
|
9
|
20
|
10
|
21
|
2
|
14
|
25
|
18
|
21
|
2
|
1
|
24
|
16
|
||
|
19
|
3
|
25
|
4
|
23
|
15
|
17
|
4
|
12
|
7
|
18
|
13
|
20
|
6
|
10
|
||
|
13
|
24
|
6
|
16
|
7
|
23
|
8
|
22
|
6
|
20
|
3
|
19
|
8
|
17
|
9
|
|
25
|
4
|
6
|
23
|
2
|
|
22
|
9
|
2
|
16
|
7
|
|
12
|
22
|
15
|
1
|
21
|
5
|
10
|
24
|
19
|
11
|
|
|
5
|
11
|
9
|
16
|
7
|
25
|
1
|
15
|
12
|
6
|
|
|
20
|
3
|
17
|
8
|
24
|
4
|
23
|
8
|
3
|
20
|
|
|
13
|
19
|
10
|
14
|
18
|
18
|
21
|
13
|
17
|
14
|
Кестені ашып бергеннен соң секундомер қосылды, тапсырманы орындауға
жіберліген уақыт анықталады. Зерттелінуші
бірінші кестедегі сандарды тауып болған соң, келесі кестені
ашып, оны орындау уақыты секундомер бойынша анықталды. Осы тәртіппен 3,4,5 кестемен
жұмыс жүргізілді. Әр тапсырманы орындау уақытының өзіне тән мән-мағынасы бар. Сондықтан, оның әрқайсысына
қажет болған уақыт Т1, Т2,Т3, Т4, Т5- деп белгіленді де олар секундомер көрсеткіші
бойынша тіркелді.
Нәтижені талдау: Тапсырманы орындау
уақыты және әр кесте бойынша жіберген қателерді зерттеу графигіне түсірілді. График бойынша зейіннің тұрақтылығы жұмысқа қабілеттілігі «шаршау қисығы» бойынша
анықталды.
|
у
а
қ
ы
т
ы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А.Ю. Козыреваның ұсыныс бойынша
осы тест көмегімен жұмыс сапасын (ЖС), орындауға күшін жұмсауы
(КЖ) және психикалық тұрақтылығы (ПТ)
анықталды. Олар келесі формулаларды
қолданып есептеп шығарылды.
|
ЖС =
|
Т1-бірінші
кестені орындауға жіберген уақыты;
Т2-екінші
кестені орындауға жіберген уақыты;
Т3-үшінші
кестені орындауға жіберген уақыты;
Т4-төртінші
кестені орындауға жіберген уақыты;
Т5-бесінші
кестені орындауға жіберген уақыты;
ЖС көрсеткішін секундпен келесі
кесте бойынша есептелді.
|
5 балл
|
4 балл
|
3 балл
|
2 балл
|
1 балл
|
|
45
сек. одан аз
|
46-55
|
56-65
|
66-75
|
76
және одан көп
|
|
35
сек. одан аз
|
36-45
|
46-55
|
56-65
|
66
және одан көп
|
|
30
сек. одан аз
|
31-35
|
36-45
|
46-55
|
56
және одан көп
|
Күшін
жұмсауы келесі формуламен анықталады:
|
КЖ =
|
Бірінші тапсырманы орындау уақыты мен жұмыс сапасының ара қатынасы 1,0 тең
болса ол зертелінушінің жұмысқа бар күшін салатынын көрсетеді, 1,0-ден қанша
көп болса, ол адамның жұмысқа
даярланатын уақыты көп болуы
керек.
Психикалық тұрақтылықты (шыдамдылықты) анықтауға
келесі формула қолданылады:
|
ПТ =
|
Нәтижесі: қатысушылардың 88 % - ның көрсеткіші
1,0-ден аз болды нәтижесінде
қатысушылардың психикалық
тұрақтылығы өте жақсы екені байқалды,
ал қалған 12 %-ның көрсеткіші
1,0-ден жоғары болып-бұл қасиеттің төмен
болғынын көрсетті.
2.«Маған сәт сапар тілеңіз»
ойыны.
І.Мақсаты: Іс-әрекеттік деңгейі
Қатысушылар міндеті:
1)
Кәсіпке деген сенімділік пен бейімділікті жете
түсіну;
2)
Топішілік
іс-әрекетте көрінетін коммуникативті
байланыс.
ІІ.Мақсаты: танымдық деңгейі
Қатысушылар міндеті:
1)
Қатысушылардың ішкі
тұлғалық өсу мүмкіндігінің ашылуы;
2)
Жеке тұлғалық психологиялық
танымдық қасиеттері мен үрдістерінің көрінісі.
Керекті құрал-жабдықтар: Түрлі -
түсті аралас қарындаштар мен қағаздар,
ақ қағаз А4, қабырға газеттері, лента, бантик т.б.
Жаттығу ережесі: Біздің жұмысымыз аяқталып келеді. Қоштасардың алдында «шабандарымызды» әзірлеуміз керек. Біз
жұмысты бірігіп жасадық, жолға да біріге
«шабадандарымызды» әзірлеуміз қажет. «Шабадандардың» ішіндегілер өте
ерекше болады. Кәсіптік өзін-өзі анықтау проблемаларымен жұмыс жасағандықтан, біз «шабаданға», бізге тағы да
ойландыруға мүмкіндік беретін, «өлшейтін», карьераны алғашқы рет
таңдау жөнінде шешім қабылдауда сын көзбен қарауға көмектесетін
заттарды саламыз. «Шабадан» сол адамдның
жоқ кезінде жинақталады. Біз барлығын әзірлеп болған соң «шабаданды»
тапсыру үшін шақырамыз, ал ол үн-түнсіз алып кетеді. «Шабаданды» әзірлеген
уақытта төрт ереже нұсқаулыққа алынады.
1.
«Шабаданға» сол
қатысушыда бар және жоқ
қасиеттерінің санын бірдей
көлемде, бірақ мамандық таңдауда
мақсатқа жетуде өте қажеттерін жайғастырған жөн.
2.
«Шабаданға»
салынатын әрбір қасиет топтың келісімімен жайғастырылады. Егер ең болмаса
бір қатысушы сол қасиетке қарсы болса,
онда ол қатысушы қасиеттің дұрыстығына көзін жеткізуге тырсу керек, олай болмаса «Шабаданға» қасиетті салмауға барлық қатысушылар келспейді.
3.
«Шабаданға» салынатын
қасиеттер топтық жұмыс уақытында пайда
болған қасиеттер ғана болады.
4.
«Шабаданға»
салынатын қасиеттер өзгеріске көнетін
қасиеттер ғана болады.
5.
«Шабаданды»
әзірлеуге жетекшілік жасауға қатысушылар
кезек кезегімен болады. Жинақтау ережесі
туралы ұмытпау керек. «Жолға
шығарда ақ жол тілектер
бір-біріңізге мейірім шуағын беріңіздер»
Психолог. Қатысушыларға өз
тілектерін қатысушыларға өз тілектерін
жазған парақтар таратады. Қатысушалрдың
әрқайсысы топтың мүшелерін ақ жол тілектерін алмайынша, таратылады.
3.«Мен қай баспалдақтамын» жаттығу
Мақсаты: Қатысушыларға
адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға көмектесу.
Барлық қатысушыларға 10 сатылы баспалдақтың суреті
салынған бланк таратылды. Нұсқау: «Өзің қазір қай сатыдасың сол
баспалдаққа суретіңді сал» Барлығы слалып болып, нәтижесі хабарланды.
(баспалдақ/ үлгі бланк)
|
|
||||||||
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қатысушылардың
ішінде
1 қатысушы 1-4 баспалдаққа суретін салды (өзін-өзі
бағалау төмен);
2 қатысушы 5-7
баспалдаққа суретін салды (өзін-өзі
бағалауы адвекватты);
13 қатысушы 8-10 баспалдаққа суретін салды (өзін-өзі
бағалауы жоғары).
4.«Кімде қандай
қасиет бар» ойыны
Жан - жануарлардың
түрі бейнеленген карточкаға, оның
қасиеті көрсетілген сөз жазылған басқа
карточканы таңдап алыңыздар. Мысалы ит және иесіне берілегндік, түлкі
және айлакерлік, түйе және тапқырлық және т.б.
Ойын барысында
қатысушылардың оң және теріс
қасиеттерінің көріністері белгілі
болды.
Қорытынды: Қазіргі
жағдайда жоғары мектеп дамуына уақыт
талабына сай жоғары білікті маман даярлайтын оқыту әдістерін
өңдеу, болашақ кәсіп иелерін тәрбиелеу
мәнді болып отыр. Болашақ мамандарға қойылатын мақсат-міндеттердің күнен-күнге
өсуі оқу орнындағы оқу
процесінің тиімділігін
арттыру үшін үлкен ізденіс пен
творчестволық қалыптасу жолын талап
етеді. Осыған сәйкес бүгінгі сабағымызда өткізілген әдіс-тәсілдер студенттердің кәсіпке
психологиялық бейімделуіне үлкен
септігін тигізеді.
Бүгінгі
сабаққа қатысқандарыңыза үлкен рахмет, сіздерге алдағы уақытта сәттілік
тілеймін!
Пайдаланған
әдебитеттер және әдістемелік құралдар.
1.Нұрмағанбетова
Т.Р. Тәжірибелік психология Оқулық
1 – том 62,63,64,65 беттер.
Оңтүстік Қазақстан облысы 2006 жыл.
2.Нұрмағанбетова
Т.Р. Тәжірибелік психология Оқулық
2 – том 183 бет. Оңтүстік
Қазақстан облысы 2006 жыл.
3.Тұлғалық өсу
тренингтері (психологқа арналған құрал)
5 бет «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы 2014 жыл.
4.Жұмыс іздеу дағдыларын үйрету (психологқа арналған
құрал) 16 бет «Жұмыспен қамту 2020 жол
картасы» бағдарламасы 2014 жыл.
5. Құдиярова А.М.
Ортақтасу (қарым-қатынас) психологиясы
Алматы – дарын 2002 жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий