Ильясова Қымбат Мауленовна
ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК
педагог-психологі
Бақытты жанұя – бақытты бала
Мақсаты: Отбасының ішкі
қарым-қатынасының үйлесімділігі.
Міндеттері:
·
бала тәрбиесі
саласында ата-аналардың құзыреттілігін арттыру.
·
толыққанды
қарым-қатынаста (отбасы тәрбиесіндегі тәжірибесімен пікір алмасу) шығармашылық
қабілеттеріне ықпал ететін ата-аналардың өз ойларын жүзеге асыру үшін жағдай
жасау.
Қажетті құрал-жабдықтар: магнитафон, ватман, қарындаштар, фломастерлер, жапырақ стикерлер,
журналдар, қайшылар, желім, тақта т.б.
Алдын-ала жұмыс: балалардан интервью алу, «Бақыт ағашының» салу, ата-ана саны бойынша
жадынама әзірлеу және оны кездесу соңында тарату.
Барысы
І бөлім. «Бақыт дегеніміз не?»
1.1.
Амандасу.
Ата-аналар
шаттық шеңберіне тұрып танысады және осы отырыстан олар не білгілері келетінін
айтып ой бөліседі.
Мысалы:
- Баланы жазаламай қалай тәрбиелеуге болады;
- Баланың қалпына нұқсан келтірмей оның
физиологиялық интеллектуалдық қабілетін
дамыту;
1.2. «Бақыт ағашы». Әр қатысушыға жапырақ үлгісінде стикерлер таратылады. Қатысушылар «Бақыт»
дегенді қалай түсінетіндігіне жазбаша жауап береді. Осыдан кейін қатысушылар өз
жауаптарын оқып береді. «Бақыт ағашына» барлық қиынды жапырақтар жабыстырылады.
1.3. Видеоролик.
«Бақыт дегеніміз не?» балалардың
пікірлері түсірілім ретінде көрсетіледі.
Құрметті
ата-аналар, біз балаларымыз үшін бақыт деген не екенін білдік.
II бөлім. Теория және сарамандық жұмыс
2.1. Шағын дәріс «Бақытты бала тәрбиелеудің 5 ережесі»
1.
Балаларыңызды жақсы көріңіз. Балаңызбен
қарым-қатынаста болыңыз және үнемі сөзіңізбен және қимылыңызбен, әрекетіңізбен
сіз оны тыңдайтындығыңызды, түсінетіндігіңізді көрсетіңіз. Әңгімені қолдап
отырып, оған ия, содан кейін т.б. қолдау сөздерін айтып отырыңыз. Кейде баланың
немқұрайлылық танытқанына қарамастан бұл түсіндірулер оған жақсы көмектеседі.
Бәрін тиянақты түсіндіруге тырысыңыз. Ата-аналардың балаларға ештеңе
түсіндірмей тыйым салуы балалар үшін өкінішті. Мына сөздерді балаларға айтпауға
тырысыңыз: «Сен әлі кішкентайсың, ештеңе түсінбейсің». Түсіндіруге уақыт аямаңыз – бұл баланың
өзін-өзі бағалауы мен интеллектісін дамытуда баға жетпес үлес.
2.
Көңіл-күйін көрсете білуге үйретіңіз. Бала психологтары балаға өз көңіл-күйін
көрсетуді үйретуге кеңес береді. Бала есейгенде одан қорықпасын және басқа
адамдардың көңіл-күйін түсіне білсін. Бет әлпеті және қимылын жасырып тұрғанның
өзінде балаңыздың көңіл-күйін көруге тырысыңыз. Өз сәбиіңізге үй жұмысында
қандай да бір жауапты іс беріңіз. Үйде үнемі белгілі бір тапсырмаларды
орындайтын балалар өздерін жанұясында қажеттілігін сезінеді және өз міндеттерін
орындаудан жағымды әсер алады.
3.
Балаңыздың кішкентай да болсын жетістігі үшін мақтаңыз, мақұлдаңыз. Ол өз
табандылығы мен жетістігі арқасында маңызды нәтижеге қол жеткізеді. Көбіне
ата-аналар нәтижелі жақсылықты қалыпты жағдай деп қабылдайды. Балаңызға қателік
жасауға рұқсат етіңіз. Бұл оның нені болсын үйренуге қажеттілігін арттырады.
Күнделікті түрлі ағаттықтар баланың белсенді үйренуіне және дамуына ықпал
етеді. Егер сіз балаға ренжісеңіз оның қылығын бағалаңыз, жеке өзін емес. Жаза
әділ болу керек және нақты ісі үшін тағайындалғаны абзал. Ең бастысы бала өзін
не үшін жазаланғанын түсінсін. Оның түзелгенін көрсеңіз міндетті түрде мақтаңыз
бірақ ешқашанда қол көтермеңіз. Бастан перу, шапалақтау, белбеумен ұру немесе
осы тәрізді әрекеттер баланы қорлайды, одан ол өзін кішкентай, әлсіз, керексіз
болып сезінеді, бұл оның ересек өміріне әсер етеді.
4. Жоқ деп
айтуға болатын және толық бас тарту керек ұсыныстар бар екенін балаға түсіндіру
қажет. Көптеген ата-аналар өз балаларын әрқашан да сыпайы, биязы және көмпіс
болуға үйретеді. Алайда бұл бағыт баланың өзімен өзі болуына және жеке тұлға
болып дамуына кері әсерін тигізеді. Осындай балалар басымдылық (қысым)жасалған
жағдайда жоқ деп айту үшін ата-аналарының рұқсатына мұқтаж болады. Белгілі
жағдайда әр кім өзінің ойын айтуға құқысы бар екенін балаға түсіндіріңіз.
5. Баламен
қуаныңыз, шаттаныңыз! Оны түрлі жерлерге апаруға және жаңа әсерлерге
бөлендіруге қорықпаңыз. Балалардың балалық шағын өмір бойы естерінде, сондықтан олар ол туралы лайықты қуанышпен
махабатқа толы жақсы елес болып қалуына тырысыңыз.
2.2. «Ата-аналар нұсқаулықтары»
Құрметті
ата-аналар, екі топқа бөлінеміз. Топтарға жағдаяттар жазылған карточкалар
беріледі. Әр топ жағдаяттардан шығу жолын ұсынады.
1 жағдаят.
«Менің үлкен
ұлым Санжар отбасымызбен серуенге барғанда өзін әдепсіз ұстайды, содан
барлығымыз өзімізді бақытсыз сезінеміз. Өткен аптада ол өзін жақсы ұстады. Мен
оған жарайсың немесе ақыры өзіңді жақсы қырыңнан көрсеттің ау деп айтқым
келмеді. Алайда мен оның қылығын мақтағым келді. Мен оны келемеждемей қалай
айтуыма болады?»
2 жағдаят.
«Анасы:
өтетін жолда, анда-мында жүгірулеріңді қойыңдар. Біз дүкенде болғанша анаңның
арбасынан ұстап жүргендеріңді қалаймын. Неге сендер бәріне жармасасыңдар? Мен
арбадан ұстаңдар дедім. Бұл банандарды орнына қойыңдар, жоқ біз оларды сатып
алмаймыз... Үйде жеткілікті. Қызанақты да алмаңдар. Сендер арбадан ұстамайтын
болсаңдар қатты өкінетіндіктеріңді ескертемін. Мына жерден қолыңды ал! Мен
балмұздақ таңдаймын. Құлағылағыларың келіп тұрма? Болды, жетеді! Сендер
білдіңдер ме үлкен кісіні соғып кете жаздадыңдар. Мен сендерді жазалаймын».
Сіздің әрекетіңіз...
Ырғақты әуен
қосылады, ата-аналар тапсырмаларын орындайды.
Талқылау.
Енді өз
балалармыздың бақытты болуына не ықпал етеді, бала тәрбиелеудің ережесін
құрастырайық (ата-аналардың ұсынған ережелерін тақтаға жазамыз). Барлық
ережелерді қосқанда мынаны айтуға болады: «Балаларды жақсы көру, қорғау,
мақтау, кешіре білу керек. Сонда олар өздерін бақытты сезінеді»
III бөлім. Мен қандай болдым?
3.1. Шағын сауалнамалар
Құрметті
ата-аналар біз қазір жағымды естеліктерге бой ұсынайық. Мен сіздерге
карточкаларды таратайын, сіздер аяқталмаған ойды толықтырыңыздар.
Бала кезімде
менің жақсы көретін мультфилімім ...
Бала кезімде
жақсы көретін тәттім ...
Менің
сүйікті ойыншығым ...
Менің
балалық шағымдағы жақсы көретін ертегім ...
Менің
балалық шағымдағы жақсы көретін жануар ...
Менің
балалық шағымдағы жақсы көретін ойыным...
Менің
балалық шағымдағы жақсы көретін лақап атым ...
Мені бала
кезімде анам еркелетіп ...
Бала
кезімдегі арманым ...
Балалық
шағымдағы менің тентектігім ...
Бала кезімде
... қорықтым.
Балалық
кезімде үлкендер .... көрінетін.
Сіздерге
балалық шағымдағы бір өлең айтып беремін.
Бала
кезімде ... суретін салғанды ұнататынмын
Бала кезімде
скакалкамен секіргенім есімде, қазір мен сіздерге секіріп беремін.
Осындай
мазақтау сөздері есімде ...
Бала кезімде
көбіне түсімде ... көретінмін
Бала кезімде
сүйіп көретін телехабарым
Бала кезімде
құмнан ... салуды жақсы көретінмін
Балалық
кезімде біз достарымызбен ...
Балалық
кезімде ... мен әрқашан қуанатынмын
-
Құрметті ата-аналар
сіздер балаңызбен өзіңіздің араңыздағы өзгешілікті көрдіңіздер ме?
Ата-аналардың
жауабы.
-
Біздің балалар
өзіміз тәрізді.
3.2. Ойын «Аналарымыз бен әкелеріміздің ойындары»
- Сіздер қай
кезде өздеріңізді нағыз бақытты сезінгендеріңізді еске түсіріп көріңіздерші.
Нағыз бақытты сәттеріңіз әрине ол балалық шақ. Ол кезде ағаштар да үлкен, күн шуағы жарқын, жаз ұзақ
болатын. Олай болса сол алтын кезді тағы бір еске алып, сіздер бала
кездеріңіздегі жақсы көретін ойындарыңызды еске түсіріп көріңіздерші.
(Ата-аналардың
жауаптары). Естеріңзге түскен бір ойынды ойнап көрсек қалай қарайсыздар.
Ойын ол бос
ермек емес. Ойын бала үшін өте маңызды. Ол бала дамуының кезеңі. Ойын арқылы
бала дүние көреді, өзін таниды, отбасындағы және ұжымдағы өзінің рөлін
түсінеді.
IV бөлім. «Бақытты жанұя»
4.1. Коллаж «Бақыт планетасы»
Ата аналарға
бақыт планетасын ойлап табу тапсырмасы беріледі. Ол бақыт планетасында не бар
соны журналдан қиып ақ ватманға жабыстырады. Танымал отбасы терепевті Виржиния
Сатир мынадай ұсыныс берген екен «Балаңызды күніне бірнеше рет құшақтаңыз.
Күніне 4 рет құшаққа алу бұл адамның жалпы өмір сүруіне қажетті, ал өзін жақсы
сезінуі үшін күніне кемінде 8 рет құшақтасу кажет. Негізі бұл тек балалар үшін
емес, ересек адамдарға да күнделікті қажет. Күнде балаларыңызды, жақындарыңызды
құшақтаңыздар»
4.2. Рефлексия:
- Бүгінгі
күн сізге қандай психологиялық қасиетіңізді көруге ықпал етті?
- Қандай
сезімде болдыңыз?
- Өзіңіз
жайлы және топ туралы жаңаша не білдіңіз?
- Алған
ақпараттарды қалай қолданасыз?
- Неге
үйрендіңіз?
- Болашақата
қалай іске асырмақшысыз?
- Не маңызды
болды?
- Қай бөлімі
ойға түрткі берді?
- Келешекте
неге көңіл бөлу қажет?
4.3. Ата-аналарға жадынамаларды тарату.
Жағымды әуен қойылады.
Осымен
бүгінгі кездесуіміз аяқталды. Бүгін көптеген түрлі пікірлер айтылып, көптеген
кеңестермен ұсыныстар берілді.
Құрметті
ата-аналар сіздерге бала тәрбиелеуде көмек болатын бірнеше ұсыныстар береміз
(жадынама тарату).
Сіздерге
дөңгелек үстелге қатысқандарыңызға, белсенділіктеріңізге алғыс білдіреміз.
Бүгінгі алған әсерлеріңіз жағымды деп ойлаймыз. Отбасыларыңыз қуанышты және
бақытты болсын. Сай болыңыздар!
Комментариев нет:
Отправить комментарий