понедельник, 2 мая 2016 г.

Абылкасымова Назым. Жас мамандарға психологиялық көмек

Абылкасымова Назым Уйсенбековна
Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының
педагог-психологі

Тренинг
«Жас мамандарға психологиялық көмек»


Мақсаты:
жас мамандардың кәсіби тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, тәжірибе алмасу, маман ретінде ашылуына көмектесу
Міндеттері:

-  мұғалімдердің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру;
-  өз кәсібіне деген ынтасын арттыру;
-  табысты қарым-қатынас орнатуды дамыту.
І Кіріспе
 Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу жаттығуы. «Күлімсіреу»          (5 мин)
Қатысушылар шеңберге тұрып «амансыздар, сәлеметсізбе» сөздерінің орнына күлкіні, жымиюды қолданады. Әр кім өзінің сол жағында тұрған адаммен «күлімсіреу» арқылы амандасады. Біреуі көңілді күлуі мүмкін, біреуі жай жымиюы мүмкін, біреуі жымысқы, кекесін күлімсіреуі мүмкін.
- Сәлемнің орына «күлімсіреуді» алғанда қандай сезімде болдыңыздар?
- Қарым-қатынас орнатуда сіз қаншалықты «жымию, күлкіні» жиі қолданасыз?
2. «Менің көңіл-күйім»  (10 мин)
Нұсқау: тренингке қатысушылар А4 қағазына өздерінің көңіл-күйлерін  ауа райымен байлансытырып бейнелейді. Қосымша табиғаттың суретін салуға болады. Содан кейін оны тақтаға іледі.
3. Топтық  жұмыс (15 мин)
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ол үшін қатысушыларға «Бол жанымда» және «Қызыл өрік» әннң аты жазылған қағаз таратылады. Осы өлеңнің әуенін ымдау арқылы бір-бірін тауып, екі топ құрылады.
Жағдаятты шешу.
1-топ. 4-сыныптың жетекшісі сынып сағатына кешігіп келді. Оқушылардың киіммен және басқа орындарда отырғанын байқады. Сыныпта тәрбие сағатын бастауға мүмкіндік жоқ болып тұр. Мұғалім ойланып қалды, қандай тәсілдер қолданып балаларды тәртіпке шақырсам, қалыпты жұмыс қабілетіне келтірсем?
·       Оқушылардың жасалған іс-әрекеті кездейсоқ па, әлде әдейі жасаған ба?
·       Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы дәл осы кезде қандай болуы керек?
2-топ. Бірде 6-сынып оқушылары бір күндік жорыққа аттанды. Орман ішінде демалыс жарияланды. Асан деген бала азық салынған сөмкені айналшықтап жүрді. Қарыны әбден ашты. Бір тал шөпті жерден жұлып алып, аузына салып шайнай бастады. Мұны байқап қалған мұғалім оған: «Асан, сен бәлкім, бәріміз бірге тамаққа отырғанша шыдай тұрасың» деп сөмкені шатырмен жауып тастады.ал барлық балалар тамақтана бастағанда, Асан тамақтан бас тартты, ол намыстанып қалған еді. Бала сөмкеге қол салуды ойлаған да жоқ болатын. Шөпті аузына салғаны да сондықтан. Мұғалім мұны аңғармай қателесті.
·       Мұндай жағдайда не істеу керек?
·       Мұғалімнің Асанға айтқан сөзі дұрыс па?
4. «Бір кесе су» жаттығуы (13 мин)
Мақсаты: ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту, өзара жәрдемнің пайда болу заңдылығын қарастыру.
Бұл ойынның барысында қатысушылар бір қатарға отырып, көздері жұмулы күйінде бір-біріне суы бар кесе береді. Нәтижесінде коммуникация дамиды. Топтық қарым-қатынас жақсарады.
Талдау.
-        Сіздің ойыңызша не дұрыс болмады?
-        Оны қалай жөндеуге болады, не істеу керек?
-        Қандай сезімде болдыңыз?
5. «Қошемет»
Қатысушылар шеңберге тұрады, өздерінің сол жағында тұрған адамға қошемет айтады. Ол адам қошеметті қабылдап келіседі. Ары қарай жалғаса береді.
6.Рефлексия
Кері байланыс
Мен бүгін ...
Маған ұнағаны ...
Маған ұнамағаны ...

Комментариев нет:

Отправить комментарий