понедельник, 2 мая 2016 г.

Ахметова Асият. Ойлау және ой өрісі.

Ахметова Асият Бапановна
Астана қаласы Білім басқармасының
психологиялық қызмет кабинеті психологі


Ойлау және ой өрісі.
 Ой өрісін жетілдіруге арналған жаттығулар.
      Сабақтың мақсаты:
1.     Ойлау және ойлаудың түрлері туралы оқушылардың ұғымының қалыптасуы.
2.     Ой өрісі туралы ұғым қалыптастыру.
3.     Психодиагностикалық мәліметпен жұмыс дағдысының қалыптасуы.
      Міндеттер:
1.     Ойлау ұғымын ашып, оның басқа психикалық барыстарымен өзара байланысын көрсету.
2.     Оқушылардын  ойлау түрлерін анықтау.
3.     Ой өрісі ұғымын ашу.
4.     Ой өрісін жетілдіруге арналған жаттығулардың қажеттілігін көрсету.
5.     Психодиагностикалық мәліметпен жұмыс дағдысын қалыптастыру.
6.     Топтағы жұмыс дағдысын қалыптастыру.
Сабақ жабдығы:
1.     Қағаз беттері, қаламдар.
2.     Ойлаудың өзгешілігі мен орамдылығын жаттықтыруға арналған анаграммалар жазылған парақшалар.
3.     Секундомер.
4.     Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Психологиялық дайындық. Миға шабуыл.
1)      «Ойлан, тап» жаттығуы.
Мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін жаттықтыру.
балық
құмырсқа
піл
 с
ж
?
әйнек
сағат
сурет
ә
а
?

76
23
11
  а
ү
?
шортан
бүркіт
түлкі
б
қ
?
қоңыз
адам
жылқы
6
2
?

жаз
қыс
күз
ж
а
?
2)     «Мен ойлаймын...» ойыны.
Дұрыс болса, қол шапалақтау, ал қате болса, аяқтарымен топылдату.
-        Жануарлардың ішінде ең үлкені – піл (дұрыс)
-        Таңертең кісілер кешкі ас ішеді (қате)
-        Астана, Қарағанды, Өскемен – қалалар (дұрыс)
-        Бір жылда 10 ай бар (қате)
-        Ең үлкен балық – акула (дұрыс)
-        Күндіз дала қараңғы, ал түнде – жарық (қате)
-        Күн жүйесінде 9 ғаламшар бар (дұрыс)
-        Әлемде 6 құрлық бар (дұрыс)
-        Бір аптада 5 күн бар (қате)
-        Домбыраның 2 ішегі, 9 пернесі бар (дұрыс)
ІІ.Қызығушылықты ояту
1.     Кіріспе әңгіме:
-        Алдыңғы тапсырмаларды нәтижелі орындауға бізге қандай әрекет көмектесті?
-        Зейін мен ойлау әрекеті
-        Ендеше біздің бүгінгі мақсатымыз: ойлау ұғымы туралы білу және ойлана білуді қалай жаттықтыруға болатынын үйрену.
2.     Проблемалық сұрақтар:  
      • Ойлау дегеніміз не?
·       Ақыл ұғымына қандай анықтама беріңдер?
·        Ой өрісі деген не?
·       Қалай ойлайсыңдар, ойлаудың ой өрісінен айырмашылығы неде?
            Ойлау – ақпараттарды өңдеудің, бағалаудың және шешім қабылдаудың күрделі барысы. Ой өрісі – адамның бұрын алған дағдысын және жаңадан білгендерін, көбінесе іскерліктің күрделі жағдайларында пайдалана алу қабілеттілігі. Ой өрісін ойлаудың тәжірибесі деп атауға болады
Ой өрісінің арнайы шамасы ІQ көмегімен зерттеледі. ІQ-ағылшын тілінен  қысқартылған. Inteelectual quotent – әр түрлі тестілік әдістемелердің негізінде  алынған  ой жетілуінің көрсеткіші.
            ІІІ. Ой өрісін жетілдіруге арналған жаттығулар.
1.     «Ойлау икемділігін зерттеу» әдістемесі.
      Мақсаты: ойлау әрекеті процесіне қатысты гипотезалар, көзқарас, ойлау қырлары сияқты ойлаудың санқилылығын анықтау.
      Жүргізу жолдары: Оқушыларға анаграммалар (әріптер тізбесі) жазылған бланктер ұсынылады. 3 минут ішінде әріптер тізбесінен бір әріп те қалдырып кетпей және қоспай мағынасы бар сөздер құрап жазуы керек. Сөздер тек зат есімнен болуға тиіс.
      Жұмыстарды өңдеу: 3 минут ішінде дұрыс құрылған сөздер санын санау. Құраған сөздер саны ойлау икемділігін көрсетеді.
      Әдістемені өңдеу:
Ойлау икемділігінің деңгейі
Оқушылар
3-4 сыныптар
1-2 сыныптар
Жоғары
20 және одан көп
15 және одан көп
Орташа
13 – 19 сөз
10 – 14 сөз
Төмен
7 – 12 сөз
5 – 9 сөз
Үлестірмелі парақша:
      Нұсқау:  Анаграммаларды (әріптер тізбесі) шеш. 3 минут ішінде әріптер тізбесінен бір әріп те қалдырып кетпей және қоспай мағынасы бар сөздер құрап, кестенің бос тор көздеріне жаз. Сөздер тек зат есімнен ғана болуға тиіс.
лкө

уаққ

йнеәк

еергке

атң

наай

тікпа

қсодты

шра

лбаа

аомнр

ранлжу

ілт

рәді

ақрта

ырамұқ

неи

маал

енрөк

зеетре

обр

раба

еібск

етгіре

қяа

наша

руетс

еднөбе

ықу

ләме

ейркү

таанас

зсө

енде

ыантл

мақрқа

үлг

секе

трпаа

ретпәд


Толтырылған кестенің дұрыс нұсқасы
лкө
көл
уаққ
аққу
йнеәк
әйнек
еергке
кереге
атң
таң
наай
айна
тікпа
кітап
қсодты
достық
шра
шар
лбаа
бала
манор
орман
ранлжу
журнал
ілт
тіл
рәді
дәрі
ақрта
тарақ
ырамұқ
құмыра
неи
ине
маал
алма
енрөк
өрнек
зеетре
терезе
обр
бор
раба
арба
еібск
бесік
етгіре
ертегі
қяа
аяқ
наша
шана
руетс
сурет
еднөбе
бөдене
ықу
уық
ләме
әлем
ейркү
үйрек
таанас
астана
зсө
сөз
енде
еден
ыантл
алтын
мақрқа
қармақ
үлг
гүл
секе
кесе
трпаа
парта
ретпәд
дәптер
2.     «Сөзжасам» жаттығуы.
            Нұсқау: «Кемпірқосақ» сөзі беріледі. Осы сөздің құрамындағы әріптермен басқа сөздер жасау керек (уақыты 3 мин.). Жаңа сөздердегі әріптер құрамы осы сөздегі әріптерден ғана болу керек, артық әріп жазуға болмайды. Сөздер тек зат есімнен ғана болуға тиіс.
3. «Логикалық заңдылық» Липпман тесті.
Нұсқау:сандар қатары берілген. Осы сандар қатарын әрі жалғастыруға тиісті екі санды тап.
1)              2, 3, 4, 5, 6, 7;
2)              6, 9, 12, 15, 18, 21;
3)              1, 2, 4, 8, 16, 32;
4)              4, 5, 8, 9, 12, 13;
5)              19, 16, 14, 11, 9, 6;
6)              29, 28, 26, 23, 19, 14;
4.               «Құрақ құрау» тесті. Равен әдістемесі.
Мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Оқушыларға бір-біріне белгілі бір тәуелділікпен байланысып тұрған фигуралардың суреттері беріледі. Бір фигура жетіспейді, ал ол төменде басқа 6-8 фигураның ішінде берілген. Оқушының міндеті – суреттегі фигураларды байланыстырып тұрған заңдылықты анықтап, жауап қағазына жетіспеген фигураның номерін жазу. 8 суретке 5 минут уақыт беріледі.
5.               “Жер, су, ауа,”  ойыны 
            Мақсаты: есту және қозғалыс талдағыштары координациясымен байланысты зейінді дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру. 
Ойынның сипаты: Балалар дөңгелене түрегеп тұрады, 1,2,3-ке саналу тапсырылады. Әр бала өзінің нөмірін есте сақтап қалуы керек. Әр түрлі сөздер аталады. Олар келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Мысалы, сөздердің арасында жерде жүретін жануарларды білдіретін сөзді естігенде, 1-нөмірдегілер ғана шапалақ соғады, суда жүретін жануарларды білдіретін сөзді естігенде, 2-нөмірдегілер жүзу қимылын көрсетеді, әуеде жүретін жануарларды білдіретін сөзді естігенде 3-нөмірдегілер қолдарын көтереді.
р/с
Пәрмен
Жануарлар
Қол қимылы
1
«Жер»
Піл, аю, сілеусін, гепард, леопард, бұғы, киік, гиена, түйеқұс, маймыл.
Балалар шапалақ соғады.
2
«Су»
Акула, кит, дельфин, итбалық, майшабақ, жайын, шортан, сазан
Балалар қолдарын алға созып, жүзу қимылын көрсетеді.
3
«Ауа»
Дуадақ, аққу, қаршыға, ләйлек, тоқылдақ, тауыс, қоқиқаз, ителгі
Балалар қолдарын жоғары көтереді.

6.               “Артығын тап” ойыны

            Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту
            Ойынның сипаты: Балалар дөңгеленіп тұрады. Ортаға үш сөз беріледі. Осының ішінен бір-бірімен байланысқан екеуін қалдырып, «артығын» алып тастау керек және алып тастау себебінің мейлінше көп нұсқасын айтуға тырысу керек.
І. «ит», «қызанақ», «күн»
ІІ. «су», «жел», «әйнек»
ІІІ. «машина», «жылқы», «қоян»
ІҮ. «орындық», «бұта», «пәтер»
7.               Жаттығу: «Пойыз»
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен 1,2-ге саналып шығуымыз керек. 1-нөмірдегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал  2-нөмірдегілер  2 рет қолдарын соғып,  1 рет аяқтарын тарсылдатады.
Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поездің жүру дыбысы естіледі.

Ү.  Кері байланыс

Комментариев нет:

Отправить комментарий